Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2002-жылы туған тағы бір бала Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында анықталған. Ол аудандық ауруханаларға екі мәрте жатқызылып, республика аумағынан тысқары жерде екі мәрте емделген. Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.
Сөйтіп, бүгінгі жағдаймен ВИЧ індеті Оңтүстік Қазақстан облысындағы 103 баладан (олардың сегізі қайтыс болған, біреуін шетелге алып кеткен), сонымен қатар ВИЧ індетін жұқтырған 13 баланың анасынан анықталып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті