Мекеме ақпаратына сәйкес, 25-наурызда 14 сағат 59 минутта жергілікті тұрғындар бір үйдің жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың үстінен 150 грамм сынап тауып алды.
Сынапты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Екібастұз қалалық бас басқармасының қызметкерлері жинап алып төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке табыстады. Оқиға орнында демеркуризациялық шаралар жүргізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті