Қазақстан үкімет басшысы Армения халқына үкімет басшысының қазасына байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Армения халқына үкімет басшысының қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан үкімет басшысы Армения халқына үкімет басшысының қазасына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Армения үкімет басшысы Андраник Маркарянның беймезгіл қазасына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

  • 26 Наурыз 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Армения үкімет басшысы Андраник Маркарянның кенеттен қаза болғаны туралы қаралы хабарды күйзеле естіп білдім. Беделді саясаткер, шынайы ұжданды әрі иманды жан өмірден озды. Армения елдің экономикалық және саяси дамуына өлшеусіз үлес қосқан өзінің адал ұлынан айрылды. Бүкіл Армения халқы мен Андраник Маркарянның туыс-туғандарына қайғыра отырып көңіл айтамын»,- делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жексенбі күні таңертең Армения үкімет басшысы Андраник Маркарян 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды. А.Маркарян Армения үкімет басшысы қызметін 2000-жылдың мамыр айынан бері атқарып келген. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ол инфаркт салдарынан қайтыс болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті