Үкімет басшысы кеден мәселелері бойынша жұмыс тобын құруға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы кеден мәселелері бойынша жұмыс тобын құруға тапсырма берді

Үкімет басшысы кеден мәселелері бойынша жұмыс тобын құруға тапсырма берді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы кеден мәселелері бойынша премьер-министрдің орынбасары Аслан Мусиннің төрағалығымен жұмыс тобын құруға тапсырма берді.Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 26 Наурыз 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

Кеше Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен еліміздің кеден органдары қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өткен кеңес барысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев, ҰҚК төрағасының орынбасары Қозы-Көрпеш Карбозов, Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ыбырайымов, қаржы министрі Наталья Коржова мен қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров баяндама жасады.

Баяндамашылардың айтуларынша, бүгінде кеден органдарында біраз проблемалар, олардың негізгілері қатарында — кеден саясатын жетілдіру, кедендік статистика сапасының төмендігі, декларация және әкімшілік жұмыстарында осы саладағы қызметкерлердің сыбайластыққа орын беру мәселелері туындап отыр.

Қаржы министрі Наталья Коржова мәлімдегендей, «халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін кедендік әкімшілік түрлері мен әдістемелерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа кедендік қызмет моделі әзірленген». Сонымен қатар, Н. Коржова «осы міндеттердің орындалуы үшін кеден органдарына толықтай техникалық жаңартулар жасау қажет» деп атап өтті.

Кеңесті қорытындылай келе, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «кеден саласында жинақталып қалған проблемаларды кезең-кезеңімен шешуді» ұсынды.

Осыған байланысты К. Мәсімов жұмыс тобы құрамына кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерін енгізуді ұсынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті