"Нұр Отан" партиясы мәслихат депутаттартының сайлауында 70%-тен төмен емес дауыс жинауды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан"  партиясы  мәслихат депутаттартының сайлауында 70%-тен төмен емес дауыс жинауды көздеп  отыр

"Нұр Отан" партиясы мәслихат депутаттартының сайлауында 70%-тен төмен емес дауыс жинауды көздеп отыр

АСТАНА. 26-наурыз .Kazakhstan Today. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы (ХДП) мәслихат депутаттартының сайлауында 70-80%-тен төмен емес дауыс жинауды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП республикалық конференциясында партия төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Наурыз 2007
  • 632
Фото - Caravan.kz

«Біздің таяудағы мақсатымыз — мәслихат депутаттартының сайлау науқанына атсалысу. Біз оған тек қатысып қана қоймай, 70-80%-тен төмен емес дауыс жинап, мәслихаттарда басым дауысқа ие болу арқылы 2004 және 2005-жылғы парламент және президент сайлауында сайлаушылар көрсеткен жоғары деңгейлі сенім үдесінен шыға білуіміз қажет»,- деді Б.Жұмағұлов.

«Кейінгі кезде бізде халықтың партияға деген сенімі туралы көп айтылып жүр. Обьективтіліктің белгісі біреу ғана — партияларға деген сенім сайлау нәтижесінен айқын көрінеді»,- деді ол.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, «бүгінде келешек сайлау алдындағы штабтардың құрамы жасақталып, мәслихат депутаттығына сайланатын үміткерлердің партиялық тізімдері жасалуда». Оның айтуынша, қазір барлық аймақтарда қазіргі Отандық депутаттарды тыңдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Партиялық ұйымдар оларды алдағы сайлауда партиядан ұсынудың қаншалықты орындылығын анықтауда.

«Әрбір үміткер бойынша жан-жақты талдау жасалуда және бұл жұмыс аяқталып келеді»,- деді Б.Жұмағұлов. «Сонымен әрбір үміткер партияның саяси кеңесінің бюросымен келісіледі. Бұл — жаңартылған жарғының талабы және біз оны мұқият орындайтын боламыз»,- деді ол.

Б.Жұмағұловтың хабарлауынша, «партия сайлау округтері деңгейінде барлық күрделі мәселелерге жан-жақты диагностика жасамақшы». «Бірқатар өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде білім беру және денсаулық сақтау нысандарымен, ауыз сумен, электр және көгілдір отынмен қамтамасыз ету тұрғысында кемшіліктер бар екені, экологияға қатысты мәселелердің шешімі қанағаттанарлық деңгейде емес екені белгілі»,- деді ол.

«Партияның орталық аппараты жергілікті деңгейде шешілмей жатқан барлық мәселелерді талдап, оларды партияның саяси кеңесі бюросының мамыр айында өтетін отырысында талқылауға ұсынады»,- деді Б.Жұмағұлов. «Біз ел аясында әлеуметтік мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырған не екенін айқын білуге тиіспіз. Оларды шешуге парламенттегі біздің фракцияны да, үкіметті де жұмылдыруымыз қажет, тіпті қажет болған жағдайда ел президентіне дейін шығуға болады»,- деді ол.

Б.Жұмағұлов «Нұр Отан» ХДП партияны таныту тұжырымдамасының жобасын жасағанын еске сала кетті. «Ол саяси менеджментке және электоратқа мақсатты ықпал жүргізуге қатысты әлемдік көзқарастарға сәйкес», деді ол. «Тұжырымдаманың басты арқауы «Нұр Отан» партиясы еліміздің даму жолдарына қатысты стратегиялық көзқарасы мен өз жоспарларын жүзеге асырудың ықпалды тетіктеріне ие Қазақстанның жалпыхалықтық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы екендігі болмақ»,- деді ол. Сонымен бірге Б.Жұмағұловтың айтуынша, 2007-жылға арналған іс-шаралар жоспары, партияның сайлау алдындағы науқандарға атсалысу тұжырымдамасы, іс-шаралардың жоспары мен желілік кестесі, сонымен бірге партияның ақпараттық және PR іс-қызметінің стратегиясы жасалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті