Венада наурыздың аяғында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем жөніндегі кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венада наурыздың аяғында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем жөніндегі кеңесі өтеді

Венада наурыздың аяғында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем жөніндегі кеңесі өтеді

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. 29-30 наурызда Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем бойынша "Еркін жиналыстар, еркін қауымдастықтарға бірігу мен сөз бостандығы: пікір алуандығы билеген қоғамдастықтарға толық құқылы қатысуды ынталандыру" тақырыбы бойынша қосымша кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Наурыз 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық делегацияны адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байкадамов басқарады.

«Кеңестің барысында «ЕҚЫҰ аймағындағы бірлестіктер құру еркіндігі; бейбіт жиналыстар еркіндігі; ой-пікір білдіру еркіндігі және плюралистік қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы» тәрізді тақырыптар талқыланады», деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті