Президент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 27 Наурыз 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

Аталмыш құжатқа сәйкес заңдастыру шараларын жүргізу мерзімі 2007 жылдың 1-тамызына дейін, ал заңдастырылған мүлік құқығын рәсімдеу мерзімі — 2007 жылдың 1-қарашасына дейін ұзартылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң 2006 жылдың шілде айынан бері қолданыста. Бастапқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін созылады деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті