Мекеме ақпаратына сәйкес, снарядты Түріксіб аудандық ІІБ-ның қызметкерлері тауып алған. Алматы қалалық құтқару қызметінің түсініктемесіне сәйкес, «26-наурызда 19 сағат 44 минутта 02 пультіне даладан тұрақтандырғышы ашылып, тоттанып кеткен 122 мм-лік жауынгерлік артиллериялық снаряд табылды деген хабарлама келіп түскен».
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, қазір снаряд табылған жерді ІІД қызметкерлері күзетіп отыр. Снаряд 27-наурызда тасымалданып залалсыздандырылады. Алматы қалалық құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, снаряд ҚР Қорғаныс министрлігінің полигонында №61993 әскери бөлімшенің саперлерінің күшімен жойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті