Қырғызстанда болған көшкін бір көлікті басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда болған көшкін бір көлікті басып қалды

Қырғызстанда болған көшкін бір көлікті басып қалды

БІШКЕК. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Жалал-Абад облысында болған қар көшкіні бір көлікті басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Наурыз 2007
  • 543
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көшкін 26-наурызда Бішкек — Ош тасжолында, Алабұқа — Канышкыя аумағында болған. Түскен қардың көлемі 25-30 мың текше метрді құрап отыр.

Көшкін түскенге дейін жолда көліктің жүруінің қиындауына байланысты ГАЗ-24 пен УАЗ-469 көліктері тоқтаған. Көшкіннен кейін ГАЗ-24 көлігі қар астында қалған, құрбан болғандар жоқ. Жолдарды тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылған. Жол уақытша жабылды.

Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі жақын күндері Бішкек — Ош көлік жолдарының түрлі аумақтарында қар көшкіні болады деп болжауда, осыған байланысты азаматтардан осы бағытта жол жүрмеуді сұрап отыр.

Бішкек — Ош тасжолы республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын жалғыз көлік жолы болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті