Екі елдің басшылары Қазақстан мен Литваның екі жақты ынтымақтастығы жөніндегі мәселелерді талқылады. Баспасөз қызметі хабарлағандай «экономикалық ықпалдастықты қарқындату үшін Литва президенті Валдас Адамкус бизнес-делегаттармен алмасуды ұсынды. Сонымен қатар, ол Литваның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге Қазақстанның кандидатурасын қолдайтындығы туралы ұстанымын растады».
Сондай ақ, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның экс президенті Сүлейман Демирельмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті