Ресейде "Рубеж-2007" Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының оқу-жаттығулары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде "Рубеж-2007" Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының оқу-жаттығулары басталды

Ресейде "Рубеж-2007" Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының оқу-жаттығулары басталды

МӘСКЕУ. 28 наурыз. Kazakhstan Today. Ресейде "Рубеж-2007" Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының ланкестікке қарсы оқу-жаттығулары басталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҰҚКҰ баспасөз хатшысы Виталий Струговец хабарлады.

  • 28 Наурыз 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Ұжымдық қауіпсіздік келісімі базасындағы Бірлескен командалық штабтық «Рубеж-2007″ оқу -жаттығулары екі елдің Ресей мен Тәжікстан территориясында 27 наурыздан бастап 6 сәуір аралығында үш кезең бойынша өтеді»,-деді В. Струговец.

Оның ақпаратына сәйкес, 27-28 наурызда өтетін алғашқы кезеңде, Бірлескен штабтың, Хатшылық пен ҰҚКҰ мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің жедел топтарының тәжірибелік ықпалдастығы мақсаттарын пысықтау жоспарланған. В. Струговецтың айтуынша, «Шара Мәскеуде ҰҚКҰ бірлескен штаб базасында өтеді».

Екінші және үшінші кезеңдер Тәжікстан аумағында өткізіледі. ҰҚКҰ баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, «3-5 сәуір аралығында өтетін екінші кезеңде әскери басқарма органдары мен бірлескен ланкестікке қарсы операция жоспары бойынша халықаралық ланкестік ұйымдарын жою және ауыздықтау жөніндегі шараларды ұйымдастыруда жедел шара қолдану ұжымдық күштерінің жеке топтарына тәжірибе жүзінде жаттығулар көрсетіледі.

Үшінші кезең- оқу жаттығудың белсенді фазасы- Ляур сынақ алаңында (Душанбеден солтүстікке қарай 15 шақырым) 6 сәуірде өтеді. «Белсенді фазаға жеке топтың 500 адамы қатысады, 50 құрышталған техника , Су- 25 ұшақтары мен Ми- 24 тікұшақтары жұмылдырылады. Оқу -жаттығуларға Ресейдің, Қазақстан мен Тәжікстанның әскерилері қатысады»,-деп хабарлады В. Струговец.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті