Осыған дейін хабарланғандай, заңның мақсаты бәсекелестікті арттыруға , агроөнеркәсіп кешенінің нәтижелі болуына , мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың дұрыс бағытталуына , сонымен қатар атқарушы билік арасындағы құзыретті айқындауға жағдай жасау.
Сондай-ақ , құжатта агроөнеркәсіп саласындағы несие беру жүйесін өзгерту қарастырылған.Депутаттар несие беру бағыттарының барлығын бірлестіріп, бұл қаражатты маңызды дәнді-дақылдарға, яғни бір гектар егістік жер деп есептеп бөлуді ұсынды.
Заң авторларының пікірінше, мұндай шара өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға, мемлекеттік қолдаудың дұрыс бағытталуын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бәріне несие беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті