Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «рәсімнен кейін болған сұхбат кезінде Р.Әлиев федералдық президентке Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы туралы баяндап берді. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан» атты жолдауының басты қағидаларына баса назар аударды».
Қазақстан елшісі сонымен бірге Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру жоспарларына жан-жақты тоқталды.
Өз кезегінде Х.Фишер Қазақстан Австрияның Орталық Азиядағы шешуші әріптесі екенін атап өтті. Осы орайда мемлекет басшысы Орталық Азия аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауда Қазақстан атқаратын рольдің маңыздылығын атап өтті. Австрия президенті Қазақстанмен арадағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту өз елі үшін де, жалпы Еуропалық Одақ үшін де ұзақ мерзімді мүддеге жататынын жеткізді.
«Х.Фишер сонымен бірге Қазақстанға сапармен келуге ниеті бар екенін растады, бұл сапар Қазақстан мен Австрия арасындағы ықпалдастықты дамытуға үлкен серпін бермек», делінген СІМ хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті