Мәжіліс арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Арнаулы экономикалық аймақ туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Наурыз 2007
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасы арнаулы экономикалық аймақтың құқықтық режимін, сонымен қатар арнаулы экономикалық зонаға қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді реттейді. Заң жобасының нормаларымен арнаулы экономикалық аймақ құру, оның жұмыс істеуі және тарату тәртібі белгіленеді. Сонымен қатар, заң жобасының нормалары аталмыш заңның күшіне енгенге дейін құрылған арнаулы экономикалық аймақтарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, депутаттар «Арнаулы экономикалық зоналар іс-қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Салық және Жер кодекстеріне түзетулер енгізеді және арнаулы экономикалық аймақтар аумағындағы жер телімдерін пайдаланудың төлемдері мен есептеулер тәртібін реттейді.

Бұрын депутаттар екі құжатты да бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті