Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды

Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Еурокомиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болу мәселесі бойынша Қазақстанды қолдайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссияның сыртқы байланыстар және Еуропаның көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер мәлімдеді.

  • 28 Наурыз 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Егер кейбір реформалар жүзеге асырылып жатса, біз Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төраға болуын қолдаймыз»,- деді ол.

«Президент Назарбаев жуырда өз сөзінде бірқатар реформалар жүзеге асырылады деді. Біз осыны көргіміз келеді»,- деді Еурокомиссияның комиссары.

«Орталық Азиядағы бірінші елдің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымын басқару мүмкіндігін алуы жақсы қадам болар еді»,- деп санайды ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті