Алматы облысында 12 қар көшкіні түсті, құрбан болғандар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 12 қар көшкіні түсті, құрбан болғандар жоқ

Алматы облысында 12 қар көшкіні түсті, құрбан болғандар жоқ

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында Кіші Алматы өзенінің бассейнінде 12 қар көшкіні түсті, құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жалпы көлемі 12600 текше метрді құрайтын 12 көшкін тіркелген. «Бір көшкін тау шаңғысы трассасына жетсе, үш қар көшкіні Шымбұлақ- Тұйықсу қақпасы автожолына дейін жеткен. Тағы үш көшкін өзеншікке дейін жетсе, қалғандары тау баурайларында тоқтаған»,- деп хабарлайды мекеме.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, құрбан болғандар мен бүлінген ештеңе жоқ. ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкіндеріінің жаппай түсуіне күннің жылынуы мен жаңбыр себеп болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті