Атырау облысында 11 құрылысшы тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 11 құрылысшы тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды

Атырау облысында 11 құрылысшы тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Атырау облысының Мақат ауданында 11 құрылысшы тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, Қарабатан учаскесінде түрік фирмасының құрылыс нысанының асханасында 28-наурызда 11 құрылысшы құс етін жегеннен кейін уланып қалған.

«Азық-түліктен туындаған улы инфекция» деген диагнозбен олар облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті