Шығыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан апатты жағдайда үзілген электр подстанциялардың электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан апатты жағдайда  үзілген электр подстанциялардың электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді

Шығыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан апатты жағдайда үзілген электр подстанциялардың электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан апатты жағдайда үзілген электр подстанциялардың электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27-наурызда 14 сағат 00 минут пен 28-наурыздың 4 сағат 00 минутына дейін Бесқарағай, Бородулиха, Глубоковский және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секудына 17-23 метрлік күшті жел соққан.

Соның салдарынан 21 және 23 сағаттар аралығында аудандар бойынша мынадай ауылдарда электр подстанциялар апатты жағдайда тоқтан ажыратылды: Бесқарағай — Башкуль ауылы; Бородулиха — Романовка ауылы, Воскресеновка және Сарногай ауылы; Глубоковский — Бобровка және Орловка ауылдары; Шемонаиха — Сугатовка ауылы мен Шемонаиха қаласы; Риддер қаласында Орман шаруашылығы мен демалыс базасы.Барлығы 4406 абонент тоқсыз қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Тоқтан ажырату тіршілік қамтамасыздығы нысандарының жұмысына әсер еткен жоқ, деп хабарлайды министрлік.

28-наурыз күнгі 8 сағаттан бастап тұтынушыларды тоққа қосу жұмыстары басталды. 20 сағаттағы жағдаймен электр қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді. Апаттың зардаптарын жоюға Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық энергетикалық компаниясының 39 апаттық бригадасы мен 44 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті