Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қзметкерлері жедел шаралар барысында «ТОЗ-8» винтовкасын сату үстінде Қырғызстанның үш азаматын құрықтады. «Көрсетілген тұлғалар «Бесағаш» шекара күзетін айналып өтіп, облыс аумағына заңсыз кіргені белгілі болды»,- деп түсінірді баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабының 2-тармағы мен 251-бабының 2-тармағы бойынша (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы, және де қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті