Сансызбай Есіловтің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасы қарастырылуда. «Егер біздің осы жоба бойынша инвесторлармен жасап жатқан келіссөздеріміздің барлығы табысты болса, онда осы жылы Софиевский тасжолында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрлысы салына бастайды»,- деп нақталап өтті ол.
Өз кезегінде, Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов әкімшіліктің зауыт құрылысы жобасының бірнеше үлгісінен қатты тұрмыстық қалдықтардың 80 пайызын қайта өңдеп, 20 пайызын көмуді қарастыратын жоба таңдап алғандығын айтып өтті.
Сонымен қатар, Сансызбай Есіловтың сөздеріне сүйенсек, Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасына өндіріс қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. «Қала кәсіпорындарындағы қуат үнемдеу технологияларын енгізу және олардың қалдықтарды өз бетінше қайта өңдеу жөніндегі іс-қызметіне жағдай жасау қажет»,- деп қосты шенеунік.
«Қазіргі уақытта Астанада қаланың коммуналдық қалдықтарын басқару жүйесі жоқтың қасы»,- деді С. Есілов. Ол «қолданыстағы тұрмыстық қалдықтарды сақтау, пайдаға асыру және қайта өңдеу жүйесі қаланың табиғи ортасының ластануына әкеп соқтыратындығын» атап өтті.
Әкімшіліктің ақпараттарына сүйенсек, Астананың қаласының қоқыс алаңында 15 млн текше метрдей қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып қалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті