Ақпарат бойынша, Павлодар облысында «Үрлі төбе авто» бекетінде шекарашылар «Форд» автокөлігімен Қазақстаннан РФ бет алған ресейлік азаматты ұстады. Тексеру барысында одан декларацияда көрсетілмеген $14 мың, 3 мың евро, 11 500 ресей рублі табылды»,-дейді баспасөз қыземтінің өкілдері.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында шекара бақылауынан өту кезінде Ресейге бет алған Қазақстан азаматы ұсталды. Шекарашылардың хабарлауынша, оның ГАЗ 270514 автокөлігін тінту барысында пеш қақпағының астынан $10 мың доллар көлемінде контрабандалық ақша табылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті