2007 жылдың наурызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың наурызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады

2007 жылдың наурызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылдың наурызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы — 1,8%-ға, балық және теңіз өнімдерінің бағасы 1,4%-ға өсті. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 0,8% құрады (сиыр етінің -1,1%, қой етінің — 1%, құс етінің — 0,8%, жылқы етінің — 0,5%). Нан мен жарма өнімдерінің бағасы — 0,5%-ға, сүт өнімдерінің бағасы 0,3%-ға өсті. Жұмыртқа бағасының деңгейі — 1,3%-ға, қант бағасының деңгейі 1,2%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқ киімнің бағасы 0,7%-ға, жеке гигиена тауарларынің бағасы 0,8%-ға өсті. Баспа өнімдері бағасының өсімі — 0,5%, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар бағасының өсімі — 0,4%, құрылыс материалдары бағасының өсімі 0,3% құрады. Дизель отыны бағасының деңгейі — 1,5%-ға, тас көмір мен бензин бағасының деңгейі 0,6-дан төмендеді.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1,3%-ға, ал электр энергиясының бағасы 3,5%-ға өсті. Газ жабдықтау — 0,6%-ға, ыстық сумен жабдықтау — 0,9%-ға, орталықтан жылыту — 1,3%-ға, қоқыс жинау 1,7%-ға қымбаттады. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері — 3,4%-ға, білім беру — 0,8%-ға, мәдениет қызметтері 0,6%-ға қымбаттады. Байланыс қызметтері 0,3%-ға арзандады, ал қалааралық сөйлесулер — 0,9%-ға және ұялы байланыс 0,4%-ға арзандады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті