Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына Түріскіб ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедеу уәкілі баянат жазып, жүгінген. Лейтенанттың сөздеріне сүйенсек, «оған жезөкшелікпен айналысқан қызды әкімшілік жауапқа тартпау үшін бірнеше рет ақшалай пара ұсынған».
Күдікті жедел уәкілдің бөлмесінде 3 мың теңге көлемінде пара беру үстінде құрықталды. Оның үстінен лауазымды тұлғаға пара беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті