Әзербайжан президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссиясының жаңа құрамын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссиясының жаңа құрамын бекітті

Әзербайжан президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссиясының жаңа құрамын бекітті

БАКУ. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының Әзербайжан жағының жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Өкім мәтінінде атап көрсетілгендей, комиссиясының тең төрағасы лауазымына Әзербайжан елі жағынан экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев тағайындалды.

Комиссия құрамына сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Гюльмамед Джавадов, қаржы министрінің орынбасары Азер Байрамов, көлік министрінің орынбасары Мұса Панахов, ауылшаруашылық министрінің орынбасары Бахман Әлиев, білім министрінің орынбасары Эльмар Гасымов, мәдениет және туризм министрінің орынбасары Теймур Мехтиев қосылған. Сонымен қатар, комиссия құрамына Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сафар Мехтиев, Мемлекеттік стандарттау, метрология және патент жөніндегі агенттіктің бас директоры Рамиз Гасанов, Мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті Эльшад Насиров «Әзербайжан әуе желілері» мемлекеттік концернінің бас директорының бірінші орынбасары Сабир Ильясов кіргізілген.

Әзербайжанның мемлекеттік статистика жөніндегі комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы Әзербайжаннан Қазақстанға тасымалданған тауар экспорты 105,6 млн АҚШ долларын, ал Әзербайжанға импорт 127,2 млн АҚШ долларын құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті