«Үкімет басшыларының кеңесі 2007 жылы 25 мамырда Ялтада жиналады, онда ТМД-ға мүше мемлекеттердің түрлі саладағы ынтымақтастығы туралы маңызды құжаттар қаралады»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Үкімет басшылары қаржыға қатысты бірқатар мәселелерді талқылайды, ТМД елдерінің бірлескен электрэнергетика нарығын құруға қатысты, дене шынықтыру, білім , маман дайындау және біліктілігін арттыру , ғылым, телерадиохабарларын тарату саласындағы проблемалар қаралады.
Атқару комитетінің мәліметінше, алдағы үкімет басшыларының кеңесі мәжілісінің күн тәртібін дайындау 4 сәуір сәрсенбі күні , ТМД ға мүше мемлекеттердің тұрақты құзырлы өкілдерінің кездесуінде жалғасады. «Тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері 2007 жылы 6 наурызда қабылдаған шешімдерінің орындалу барысын және келесі мәжілістің күн тәртібін талқылайтын болады. Мәжілістің күн тәртібіне ТМД -ның жарғылық органдарға төрағалық ету мәселесі енгізілген», деп хабарлады баспасөз қызеті.
Атқару комитетінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде ТМД мемлекет басшылары, үкімет басшылары , сыртқы істер министрлері және Экономикалық кеңестерге төрағалық ету мемлекеттің атауы бойынша орыс алфавитіне сәйкес кезекпен жүзеге асырылады. Төрағалық мерзім бір жыл. Тұрақты өкілдер кеңесінің мәжілісінде аталған процедураға өзгертулер енгізіледі деп күтілуде. Атап айтқанда, төрағалықты өткізген кезде белгілі лауазым иесі емес, мемлекет аталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті