Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын  үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтады

Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтады

ӨСКЕМЕН . 3-сәуір . Kazakhstan Today. Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтып алаңдауда. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық өртке қарсы күрес қызмет департаменті (ӨҚҚД) хабарлады.

  • 3 Сәуiр 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа қарағанда, ӨҚҚД жүргізген рейд барысында, өрт сөндірушілер кіреберіс жолдары бетонмен немесе шлагбауммен бекітілген үйлерді анықтаған, олар тұрғындардан кедергілерді алып тастауды талап етті.

«Аталған шлагбаумдер мен бетон қоршаулар өте қауіпті»,-деді өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Александр Кнот. «Өрт бола қалған жағдайда мұндай үйлерге жету және құрал сайманды дайындау уақыты ұзарады»,-деді ол.

Оның мәліметінше, рейд барысында Өскеменде «20 жуық аула анықталған, олардың кіреберіс жолдары түгелдей жабық». Мұндай үйлерге не өрт сөндірушілер, не жедел жәрдем қызметінің көліктері жақындай алмайды»,-деп атап өтті А.Конт.

ӨҚҚД маманы атап өткендей, өрт сөндіру қызметінде жеңіл көліктер емес , «ЗИЛ», «КамАЗ», «Урал» сияқты үлкен машиналар жасақталған. «Бұл автокөліктер жеңіл машиналар секілді жылдам бұрыла алмайды, ал егер маңайында кедергілер болса тіпті мүмкін емес»,-дейді А.Конт.

Қалалық жеке пәтер иелері кооперативтері шлагбаумдар мен бетон кедергілерін алып тастауға ешқандай шара қолданып отырған жоқ. «Тұрғындар мұны аулада бөтен көліктердің тұрғанын қаламайтындықтарымен , түн ортасында олардың дауысын естіп, тіпті бүлдіршіндердің өміріне қауіптенетіндерімен түсіндіреді»,-деді А.Конт.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті