Мекеме ақпаратына сәйкес, 31-наурыз бен 2-сәуір аралығында Каспий теңізінің жағалауын аралап шығу барысында Қаламқас және Қаражанбас кеніштері арасындағы алаңда 109 өлген итбалық табылды, олардың жартысынан астамы төлдер. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 68 өлімтік жойылды, біреуі облыстық мал дәрігерлік санитарлық сараптама бөліміне зертханалық тексеруге жолданды.
Әзірге итбалықтардың жаппай қырылу себептері белгісіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті