«Комиссия ертең оқиға орнына ұшып барады. Мен итбалықтардың қырылу себебін жуырда айта аламыз деп ойлаймын»,- деді министр.
«Бұл аймақта бірнеше қауіп бар — өздігінен мұнай төгіліп жатқан ұңғылар, жер қыртысының тектоникалық жарылуынан жер бетіне газдардың шығуы және барлау мақсатындағы бұрғылаулар»,- деді ол.
«Бүгінде кімнің кінәлі екендігін айту ертерек, ол үшін әлі де екі апта қажет деп ойлаймын»,- деп санайды Нұрлан Ысқақов.
31-наурыз бен 2-сәуір аралығында Мағыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Қаламқас және Қаражанбас кеніштері аралығындағы аумақта 109 өлген итбалық табылған, олардың жартысынан астамы — төлдер.
Республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 68 өлген итбалық жойылып, біреуі Маңғыстау облысының мал дәрігерлік-санитарлық сараптама бөліміне зертханалық зерттеуге жіберілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті