Ауғанстан аумағында қуаты 5,9 балл жер сілкінісі болды, Таразда қуаты 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан аумағында қуаты 5,9 балл жер сілкінісі болды, Таразда қуаты 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді

Ауғанстан аумағында қуаты 5,9 балл жер сілкінісі болды, Таразда қуаты 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Ауғанстан аумағында қуаты 5,9 балл жер сілкінісі болды, Таразда қуаты 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2007
  • 320
Фото - Caravan.kz

ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, 3-сәуірде 9 сағат 37 минутта Ауғанстан аумағында (Гиндукуш қыраты) қуаты 5,9 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 901 шақырым жерде тіркелген. Таразда қуаты 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді.

Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті