Басқарма ақпаратына сәйкес, «01» пультіне аспалы көпірдің үстінде жолаушылар автобусы жанып жатыр деген хабар келіп түскен. «Шақыру орнына келген кезде №12 бағытта қатынайтын MAN маркалы автобусы жанып жатыр екен»,- дейді өрт сөндірушілер. Олардың айтуынша, қоғамдық көлікте отырған жолаушылар шұғыл шығарылды.
«Өрттің шығуына автокөлікті техникалық пайдалану ережелерін бұзу себеп болған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр»,- дейді басқармадағылар.
Өртке қарсы күрес қызметінің мәліметінше, 2006-жылы Семейде 25 автокөлік жанып кеткен. Шығын көлемі 1 млн теңге болды. «2007-жылдың басынан бері автокөліктерде 13 өрт шықты. Негізгі себеп — техникалық пайдалану ережелерін бұзу»,- дейді басқармадағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті