Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Жаңажол-авто» өткізу бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында Қырғызстанның екі азаматы ұсталды. «Олар мініп Қазақстан арқылы Ресейге бет алған «Вольво» автокөлігінің салонынан 13 мың доллар мен 133 250 Ресей рублі табылды. Валюта кедендік декларацияда көрсетілмеген»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті