Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады.
Кездесу кезінде Астана мен Алматыда әлемдік деңгейдегі университеттер құру жобасы талқыланды.
«Мен Қазақстанда осындай үлгідегі университеттерді қалайша құруға болатынына қатысты егжей-тегжейлі ұсынымдарды президенттің қарауына ұсындым», — деді Чан Йан Бэнг журналистерге арналған брифингте.
Мемлекет басшысы сондай-ақ бүгін премьер-министрдің орынбасары — экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусинді және қорғаныс министрі Даниал Ахметовты қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті