Оппозициялық ұйымның ақпаратына сәйкес, шараға қатысушылардың тізіміне жүзден астам адам енгізілген. Олардың арасында түрлі ұлт өкілдері мен жас мөлшеріндегі адамдар бар. Парламент депутаты Мелс Эшимканов та аштық жариялау шарасына қатысатынын мәлімдеді. Ұйымдастырушылар аштық жариялаушылардың саны арта түседі деп санайды.
Бішкекте бұл шара ескі алаңда, Қырғызстан Жогорку кенеші ғимаратының қарсы алдында өтуде. Оған қатысушылар қала орталығында киіз үй тігіп алған. Олар талаптары орындалмайынша оқиға орнынан кетпеуге бел буған. Кеше қала әкімшілігі аштық жариялаушыларға тәулік бойы медициналық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Сол себепті алаңда дәрігерлер тұрақты кезекшілік жасауда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шараны алыстан қадағалауда.
Біріккен фронттың ақпаратына сәйкес, осы тектес шаралар бүгін республиканың бірнеше қаласы мен елдімекендерінде бсталған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан оппозициясы 9-сәуірден бастап елдің шағын қалалары мен ауылдарында, ал 11-сәуірден бастап Бішкекте жаппай наразылық шараларын бастамақшы. Оппозиция президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді және конституциялық реформалар жүргізуді талап етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті