Армения үкімет басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения үкімет басшысы тағайындалды

Армения үкімет басшысы тағайындалды

ЕРЕВАН. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Армения үкімет басшысы болып Серж Саркисян тағайындалды. Ол бұған дейін республиканың қорғаныс министрі болған. Тағайындау жөніндегі жарлыққа сәрсенбіде Армения президентті Роберт Кочарян қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Армения мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Сәуiр 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Арменияның бұрынғы үкімет басшысы Андраник Маркарян 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды. А.Маркарян Армения үкімет басшысы қызметін 2000-жылдың мамыр айынан бері атқарып келген. Ол инфаркт салдарынан кенет жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Оның өлімінен кейін Армения үкіметі отставкаға кетті.

Заңнамаға сәйкес, Армения үкіметі жаңа үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 20 күнде жасақталуға тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті