Дәурен Тұрғынбайдың сөздеріне сүйенсек, Ордабасы ауданының тұрғыны ауылдық округтің әкіміне өткен жылдың көктемінде жер телімін беру туралы өтініш жасаған. Ол кезде шенеунік оң шешім шығару үшін 30 мың теңге талап еткен. Әйел бір жыл ішінде тек 16 мың теңге ғана жинай алған.
«Материалдық жағдайы нашар және де әкімнің қойған талабының заңсыз екенін білетін әйел қаржы полициясына жүгінген»,- деп хабарлады Дәурен Тұрғынбай.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері әкімді әйелге полицейлердің берген 14 мың теңгесін алу үстінде құрықтады.
Бұрынғы әкімнің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің апараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті сегіз пара алу дерегін әшкерлеген. Қазір тергеу сатысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойныша сегіз қылмыстық іс қаралуда. Дәурен Тұрғынбайдың айтуынша, пара алды деген күдікпен ұсталғандардың арасында екі әкім, бір педагог, бір әлеуметтік саланың қызметкері және бір сот атқарушысы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті