Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға №159 орта мектепте болған. Жоғарғы сыныптың 16 жастағы оқушысы сабақ кезінде «Перцовый шок» деп аталатын газ баллонынан газ шашып жіберген. «Улану белгілерімен 4 адам дәрігерлік көмекке жүгінді, олардың арасынан бір оқушы қыз ауруханаға жатқызылды, қалғандары ауруханаға жатудан бас тартты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Министрлік ақпаратына сәйкес, оқушы қыз орташа жағдайда ауруханадан шығарылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті