Комитеттің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облыстық ІІД-нің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында Алматы және Алматы облысының үш тұрғынын құрықтады. «Тергеу барысында белгілі болғанындай, 2006-жылдың қыркүйегі мен 2007-жылдың наурыз айлары аралығында олар Жамбыл облысының Шу қаласынан 5 қызды ұрлап, оларды Алматыда жезөкшелікпен шұғылдануға мәжбүрлеген»,- деп хабарлайды полиция.
Комитеттің мәліметінше, қылмыстық топты Алматының 32 жастағы тұрғыны басқарған. Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері тұтқындалды, оларға кісі ұрлады деген айып тағылып отыр. «Топ басшысының үстінен қосымша ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, оны ұстауға шаралар қолданылуда»,- деп хабарлайды ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитеті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті