Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді

Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында 5 күннің ішінде 20 кг астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы агенттікке Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2007
  • 334
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Алматы-Бішкек автожолының 59 шақырымындағы «Ростов» өткізу бекетінде жол полициясы басқармасының есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері «Ауди-100» автокөлігінен марихуана табады. «Есірткі затының жалпы салмағы 18,5 кг»,-деп түсініктеме берді баспасөз қызметіндегілер. Автокөліктің жүргізушісі тұтқындалып, уақытша тергеу орнына жіберілді.

Сонымен қатар кеше жол полициясының дәл сол бекетінде Алматыға бет алған «Мицубиси-Галант» автокөлігі тоқтатылады. «Жолаушылардың бірі, Қырғызстан азаматшасынан жеке заттарының арасынан жалпы салмағы 2,3 кг шикі көкнәр салынған қапшық табылды»,-деді полицейлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті