Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Батыс Қазақстан облысында «Орал» шекара заставасының шекарашылары Қазақстан мен Ресей азаматын мемлекеттік шекараны айналып өтпек болған жерінен құрықтады. «Олар ГАЗ-3102 автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге бет алған. Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар 2 тонна бекіре тұқымдас балық пен 500 килограмм басқа да балық түрлерін тапты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл дерекке қатысты іс «Орал» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті