Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқу-жаттығуларының барысында Ляур полигонында әскери басқару органдары мен шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерге бірлескен лаңкестікке қарсы операциялардың жоспарына сәйкес халықаралық лаңкестік құрылымдарды жою мен қоршауға алу шараларына жедел жауап қату тәжірибесін береді.
«Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына 500-дей әскер, 50 сауытты техника, Су-25 ұшақтарының звеносы мен Ми-24 тікұшақтарының звеносы жұмылдырылады»,- деп хабарлайды Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымының хатшылығы.
Оқу-жаттығуларға Ресей, Қазақстан және Тәжікстанның Орталық Азия аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің бөлімдері қатысуда.
Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына біріккен штабтың оперативтік топтары, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымының хатшылығы мен Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің қарулы күштерінің топтары қатысуда. Алғаш рет оқу-жаттығуларға Өзбекстанның Қарулы күштерінің оперативтік топтары қатысуда».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті