Қарағанды облысында теміржол шлагбаумы басып қалу салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында теміржол шлагбаумы басып қалу салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі мерт болды

Қарағанды облысында теміржол шлагбаумы басып қалу салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында теміржол шлагбаумы басып қалу салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 697
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға сенбі күні «Қарағанды» орталық кен байыту фабрикасының темір жол өткелінде болған. Шойын жолдан өтіп бара жатқан «ГАЗель» көлігінің үстіне автоматты шлагбаум құлап кеткен.

Департамент ақпаратына сәйкес, 21 жастағы жүргізуші экспедитор оқыс оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті