Департамент ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабарлама диспетчердің пультіне сенбі күні таңертең келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 50 шаршы метр жерді шарпыған жалынды бір жарым сағатта ауыздықтады.
Өртті сөндірген кезде ол жерден пәтер қожайыны — 35 жастағы еркек пен белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Сонымен бірге пәтерден күйікке шалдықпаған, бірақ, басынан жараланып, қол-аяқтары сынған тағы бір ер адам табылды. Ол тірі қалған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті