Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кісі өлімі Көкпекті ауданының Шұғылбай ауылында болған. 11-сыныпта оқитын 16 жасар ұл өз әкесіне асхана пышағын салып алған. Сол жақ қабырғасы мен тамағынан жарақаттанған 41 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінен табылған.
Жасөспірім ұсталып, бірден қылмысын мойындады. Оның айтуынша, әкесін жаңжал салдарынан өлтіріп алған. Қазір тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті