«ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қымет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі комитеті екі жылда азаматтардың 1500-дей шағымын қарап, 60-қа жуық медициналық ұйымдарды тексерді. Өкінішке орай, азаматтардың шағымының 70 проценті негізді екені анықталды»,- деп мәлімдеді бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой парламентте өткен үкіметтік сағатта.
Министрдің түсініктемесіне сәйкес, «ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету барысында басым жағдайда (77%) диагностика және емдеу стандарттары сақталмайды». Оның айтуынша, 11% жағдайлар «тиісті салалық ауруханаға жатқызбауға, немесе тиісті белгілерсіз ауруханаға жатқызуға, 10% — емдеу мерзімін сақтамауға, 2% — науқастардың дәрі-дәрмегі мен құралдарын пайдалануға және медициналық көмек ауқымын асыра көрсетуге байланысты».
«Денсаулық сақтау министрлігі ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жағдайын қатаң қадағалайтын болады»,- деді А.Дерновой.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті