ҚР президенті азаматтарды мүлікті заңдастыру мүмкіндігін пайланып қалуға шақырып, заңдастыру бойынша жүргізіліп жатқан акцияның соңғы екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті азаматтарды мүлікті  заңдастыру мүмкіндігін пайланып қалуға шақырып, заңдастыру бойынша жүргізіліп жатқан акцияның соңғы екенін мәлімдеді

ҚР президенті азаматтарды мүлікті заңдастыру мүмкіндігін пайланып қалуға шақырып, заңдастыру бойынша жүргізіліп жатқан акцияның соңғы екенін мәлімдеді

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. ҚР президенті мүлікті заңдастырудың соңғы мүмкіндігін пайдаланып қалуға шақырады, және заңдастыру бойынша республикада өткізіліп жатқан акцияның соңғы шара екенін ескертті.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Мен тағыда бәріңізге айтамын: қорқудың қажеті жоқ. Егер заңдастырылмаған, тіркелмеген, заңсыз алынған мүлік болса, барып заңдастыру қажет. Меніңше , осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек, себебі бұл соңғы акция. Бұдан кейін болмайды»,-деп мәлімдеді президент.

«Кім осы мүмкіндікті пайдаланып қалмаса-ренжімесін. Біз барлық , әсіресе ірі компанияларды жіті тексереміз», -деп ескертті ол.

Елбасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан акцияда «ауыл тұрғындары ұтты», мемлекет олардан салық алып жатқан жоқ.

«Заңдастырудың арқасында мыңдаған адамдар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен, салықтан босатылады»,-деп атап өтті президент.

«Мен жеке өзім кепілдік бергенмін, адамдар қорықпай баруы тиіс»,-деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, заңдастыру бойынша «акцияны өткізу мерзімін ұзартуға қол қоюын қатты сұрағандарын » айтты.

«Мен ұзартқым келген жоқ. Бірақ ақпан -наурыз айында 100-150 мың адам келді. Рәсімдеп үлгермей жатты. Адамдар бір -біріне қарап, осы іспен айналысу керек екенін енді түсінгендей. Сосын мен ұзарттым. Енді ешқандай ұзарту болмайды»,-деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, президент «осы аралықта 140 млрд. теңгеге немес 1,2 млрд. долларға мүлік, 35 млрд теңгеге-жылжымалы мүлік, 600 млн долларға ақша заңдастырылғанын» атап өтті. «Жалпы 247 млрд теңге заңдастырылған, яғни 2001 жылмен салыстырғанда 4 есе көп», деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті