Қазақстандықтардың қатысуынсыз республикада қаржы орталығы болмайды ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың қатысуынсыз республикада қаржы орталығы болмайды   ҚР президенті

Қазақстандықтардың қатысуынсыз республикада қаржы орталығы болмайды ҚР президенті

АСТАНА. 10 сәуір . Kazakhstan Today. Кеше журналистермен тікелей эфирде өткен кездесуінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қатысуынсыз республикада қаржы орталығы болмайды, деп мәлімдеді.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 309
Фото - Caravan.kz

«Егер қазақстандықтар атсалыспаса , бізде ешқандай қаржы орталығы құрылмайды. Бұл рас»,-деп атап өтті президент. «Қазақстандықтарда қомақты қаражат барын білемін. Біздің банктердің капиталы Қазақстанның ІЖӨ 70% жетті. Бір ғана зейнетақы қорларында шамамен 7млрд $ бар, біздің жоспарлауымызша , $10-12млрд қазақстандықтардың қолында. Оларды айналымға жіберу керек», деп мәлімдеді елбасы. «Бұл дұрыс қадам және біз оған халықты үйретуіміз керек»,-деп атап өтті ол.

«Әлемде қаржы қоры деген-ол ұстаным, ол — принцип және азаматтардың өз мемлекеттерінде жекеменшікке ие болуы. Қазір халықты оқыту керек, және қазақстандықтар биржадағы ойын мен ондағы жұмыстың қазақстандықтарды байытудың жолы , қазақстандықтардың игілігі екенін түсінуі керек»,-деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті