«Елу бәсекелестік қабілеті бар елдердің қатарына енуді ұлттық идеяға айналдыру қажет»,-деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні тікелей эфирде сөйлеген сөзінде.
«Егер мен өзім туралы ғана ойлайтын болсам, онда , менің істеген істерім өз ғұмырыма жетеді»,-деді ол. «Бірақ мен болашақты ойлауым керек, мен кезекті сайлау мәселесіне бас қатыра алмаймын, елдің, халықтың болашағын, біздің балаларымыз бен немерлеріміздің өмірін ойлауым керек, халық мені сол үшін сайлады»,-деп атап өтті президент.
«Бәсекелестік мәселесі тек экономикаға ғана қатысты емес, адам ресурстарына, экологияға , саяси тұрақтылыққа да байланысты. Соның бәрі біріге отырып нәтиже береді»,-деп атап өтті Қазақстан президенті. «Бұл қазақстандықтардың ешбір ұрпағы шешпеген күрделі жұмыс»,-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті