Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9-сәуірде 17 сағат 55 минутта аудандық ІІБ-ына Орал-Астана бағыты бойынша 17 сағат 11 минутта КРТ 4478 санды рейспен ұшып шыққан «Як-40» ұшағына жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ұшақта 17 жолаушы болған. «Астанада күн райының қолайсыз болуына байланысты ұшақ Қрағандыдағы запас әуежайға жіберіліп, 20 сағат 38 минутта сол жерге келі қонды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, тексеру шаралары барысында жарылғыш зат табылған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті