Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігі мен  "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды

Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігін ғарышқа алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы ұшырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағынан 10-сәуірде Астана уақытымен 04 сағат 54 минутта «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы Канаданың «Anik F3″ жер серігін ғарышқа алып ұшты. Ұшырылым қалыпты жағдайда жүзеге асырылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш аппараты тірек орбитаға шығарылды және таяу уақыттарда тапсырыс берушіге пайдалануға өткеріп беріледі. «Байланыс жер серігі зымыран тасығыштың сатыларынан Мәскеу уақытымен 12 сағат 05 минутта (Астана уақытымен 14 сағат 05 минутта) бөлінеді. Сол сәтте «Протон» өз мисссиясын атқарды деп санау қажет. «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен ғарыштық аппарат геостационар орбитаға шығарылады,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 10-сәуір күнгі 2 сағат 54 минуттан 5 сағат 54 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Anik F3» жер серігі Солтүстік Америка аумағын спутниктік байланыс қызметінің түрлерімен, телефония, Интернетке сымсыз қосылу және -С, -Кu және -Ka жиіліктерінде телехабарларын тарату қызметімен қамтамасыз етуге арналған. Жер серігі 15 жыл қызмет етуге тиіс.

«Anik F3″ғарыштық аппаратын «EADS Space» компаниясы «Eurostar-3000» базасында Канаданың байланыс операторы — «Telesat» компаниясының тапсырысымен жасаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті