Ақтауда жеке меншік баспахана өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жеке меншік баспахана өртеніп кетті

Ақтауда жеке меншік баспахана өртеніп кетті

АҚТАУ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Ақтауда "Лада TV плюс" апталағына қарасты жеке меншік баспахана өртеніп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Маңғыстау облыстық мемлекеттік өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 649
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп қабатты тұрғын үйде орналасқан баспаханадағы өрт 7-сәуір күні түнде болған. Өрт сөндірушілер оқыс оқиға орнына 5 сағат 10 минутта келген. Баспахананың есігі бұзылған екен. Өрт кезінде жиҺаз, қағаздар мен орталық холл өртеніп кетті. Жалын жалпы 10 шаршы метр аумақты шарпыды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, шығын көлемі есептеліп жатыр.

Өртті сөндіруге атсалысқан мамандар қасақана өрт жіберілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті